Атырауда қатты желден екі мектептің шатыры ұшып кетті
Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында демалыс күні дүлей дауыл тұрып, екі мектеп пен екі мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті. Білім ордасының бірі 2011 жылы пайдалануға берілген. Ал екіншісі 2014 жылы бастан-аяқ жөнделген.
Қатты желдің салдарынан ауылдардағы тұрғын үйлерге зақым келіп, жаңбырдан көшелерді су басты. Сонымен қатар, Котяевка елді мекенінде орналасқан шекаралық бақылау-өткізу пунктінің бірқатар нысандары да бүлінген. Екі сағатқа жуық электр жарығы сөніп, тұрғындарды әбігерге салды. Шығын есептеліп жатыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақжол Құрманбек екі алтын жеңіп, азия рекордын жаңартты
13.08.2026, 10:09
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 10:07
Димаштың жаңа әні Бельгия радиоларында шырқалды
13.08.2026, 10:06
Еуропада миллиондаған адам күннің толық тұтылғанын тамашалады
13.08.2026, 10:06
Колумбияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 265-ке жетті
13.08.2026, 10:06
АҚШ-та қатты дауылдан 575 мың тұрғын жарықсыз қалды
13.08.2026, 10:05
OPEC елдері шілдеде мұнай өндіруді тәулігіне 1,66 млн баррельге арттырды
13.08.2026, 10:05
Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті
13.08.2026, 10:04