Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға Президент қол қойды
Енді тек депутат емес, мемлекеттік қызметкер, ұлттық компания басшылары немесе олардың отбасы мүшелері жеке, заңды тұлғадан сыйлық алса, сотталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды.
Жаңа заң бойынша, мемлекеттік аппараттың қызметкерлеріне қандай да бір сыйлық беруге тыйым салынады. Параның құны 5 жарым мың теңгеге дейін болса - әкімшілік, одан артса - қылмыстық жауарпкершілік тағайындалады.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:-Құжатқа сәйкес, сыбайлас жемқорлық субъектісінің қатары көбейді. Енді мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында болады. Бұған дейін мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларына қатысты еді.
Сондай-ақ, жедел іздестіру қызметі мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне де қатаң жаза тағайындалатын болды. Бұған 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Фариза Мұсақызы, тілші:-Сондай-ақ, жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз туыстарын жұмысқа қабылдай алмайтын болды. Енді үміткерлер өзі қызмет еткісі келетін ұйымда қандай да бір жақынының жұмыс істейтіні туралы басшылыққа хабарлауы міндеттеледі.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02