Мемлекеттік компанияларда басшы әйелдердің үлесін 30 пайызға арттыру керек - Тоқаев
Компаниялардағы басқарушылық лауазымдарда әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
«Біз әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Статистика сәйкес барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 55 пайыздан астамы әйелдер. Сондай-ақ, Парламент пен мәслихат депутаттарының 22 пайызы, судьялар корпусының 47 пайызы әйелдердің еншісінде. Оған қоса, биыл еліміздің тарихында тұңғыш рет әйел адам облыс басшысы болды. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және биліктің өкілді органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі», - деді Преидент.
Сондай-ақ Президент мемлекеттің қатысуымен қызмет етіп жүрген компанияларда әйелдердің үлесі 5-7 пайыз шамасында екенін айтты. Кеңес мүшелері бұл мәселені жан-жақты қарастырғанын, компаниялардың басшылық органдарында әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру туралы міндетті норманы енгізу қажеттігін ұсынғанын да жеткізді.
«Аталған бастаманы кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы ойластыруымыз керек деп санаймын. Бұл өз кезегінде бизнес саланы әйелдер үшін тартымды етіп, мамандандырылған халықаралық рейтингілерде Қазақстанның позицияларын жоғары көтереді», - деді Президент.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02