Алматы тұрғыны интернет-дүкен сатушыларының ақшасын жымқырған
Алматыда онлайн дүкен сатушыларынан интернет арқылы ақша жымқырған тұрғын ұсталды.
29 жастағы ер адам интернетте сатылымға шыққан заттарға қызығушылық танытып, сатушыларға ақшаны банк картасы арқылы аударуды ұсынған. Кейін тауар иелеріне фишинг сайтының сілтемесін жіберіп, аударымды растау үшін банк картасының деректерін, яғни карта нөмірі мен СVV кодын енгізуді сұраған. Деректерді алғаннан кейін картадағы қаржыны онлайн төлемге арналған сайт арқылы абоненттік нөмірге бірлік ретінде аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Оңай олжаға кенелген әккі арнайы ұйымдастырылған шара барысында қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Тінту барысында 50 SIM карта, 20 банк картасы табылған.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07