Қарағандыда тұрғындарды 17 млн теңгеге алдаған банк қызметкерлері ұсталды
Қарағанды тұрғындарын 17 миллион теңгеге алдап кеткен екі банк қызметкері ұсталды. Полиция қаржы мекемелерінің бірінің 27 жастағы менеджерін қоға түсірді. Қызмет бабын пайдалана отырып азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізген ол өзі жұмыс істейтін банкте және шағын қаржы ұйымдарында несие рәсімдеген. Алаяқтың келтірген жалпы шығыны - төрт миллион 770 мың теңге. Сондай-ақ, полиция 31 жастағы тағы бір ер адамның заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Ол банк тұтынушыларына мерзімі өткен несиелер бойынша көмек көрсетем деген желеумен құйтұрқы әрекетін жүзеге асырып отырған.
Әбіл Әбілдин, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта үшінші тұлғаға несие беру бойынша он екі факт анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңге. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07