Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан жүргізушінің жазасы қатаңдады
Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші оқушы көз жұмды. Ол кеше кешкі 21.00 шамасында жан тапсырған.
Сондықтан күдіктіге қатысты жаза күшейтілді. Енді кінәлі азамат 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші жол жиегінде тұрған төрт оқушыны көлігімен қағып кетіп, 8-9 жастағы жасөспірімдер жарақат алған. Олардың бірі 14 наурыз күні жан тапсырған болатын.
Ақбота Әзірбек, облыстық ІІД ресми өкілі:
Төрт қызды қағып кеткен жүргізушінің іс әрекеті екінші зардап шеккен қайтыс болуына байланысты ҚР ҚК 345-1 бабы 4-бөлігіне қайта сараланып, одан да қатаң жаза тағайындалды. Жүргізуші қазіргі таңда тергеу изоляторында қамауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07