Мәжіліс депутаттары су астында қалған аудандарға барды
Мәжіліс депутаттары су астында қалған аудандарға барды. Батыс Қазақстанның бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланған. Шалғын ауылында 45 үйдің 29-на су кіріп, бәрі дерлік тұруға жарамсыз боп қалған. Мектепке де зақым келген. Қазір оқушылар ауылдық клубта білім алуда. Халықтың қираған ғимараттарды қайта салып берсе деген тілегі бар. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Апатты мектеп орнына жаңасы бой көтереді. Шыңғырлау ауданы да шығынға батты. Қора-жайлар жайрап қалған, көпірлерді су шайып кеткен.
Мәлік Құлшар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Павлодар облысының Павлодар ауданындағы Рождественко ауылы да су астында қалған. 30-дай үй зардап шекті. Салдарынан төтенше жағдай жарияланып, 100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. «AMANAT» партиясының өкілдері тұрмыстық техника, азық-түлік, басқа да керек-жарақтармен көмектесті. Сондай-ақ, төтенше жағдай саласы мамандарымен кездесті. Депутаттар су тасқыны мәселесі жіті бақылауда болатынын айтты. Қажет жағдайда заңға да өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48