Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы жер дауын шешуге болады
«Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы жер дауын шешуге болады». Оралда референдумды қолдау туралы жиында белсенділер осындай ой айтты. Табиғат қорғау саласындағы мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездескен штаб мүшелері жұртшылықты дауыс беруге белсене қатысуға үндеді. Өйткені, саяси науқанға халықтың тең жартысы қатыспаса, Конституция өзгеріссіз қалады. Елде жаңғыру, оң өзгеріс кешіктіріледі. Референдумды қолдаудың қалалық штаб құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, заңгерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар, барлығы 80-нен астам адам енген.
Мынатаубиік Әнесов, қалалық штаб мүшесі:
Референдум деген сөздің мағынасының өзі – халықпен сұхбаттасып, ақылдасып барып, бір шешімге келу. Біздің қазақта жер дауы деген бар. Мына жер – халықтікі. Әуелде Үкіметтікі деген болды. Бірақ жер – халықтікі, ертең референдум жасайтын болсақ, жақсы Парламент құрып алып болашақта, онда жер мәселесін шешу керек.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа тарихи кезеңге қадам: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды
23.11.2026, 12:40
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04