Елдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу - референдумнан басталуы керек - сарапшылар
Елдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу - референдумнан басталуы керек. Сарапшылар конституциялық өзгерістер туралы ойын ортаға салды. Ата заңдағы түзетулерге сай 20-ға тарта заңнамаға өзгеріс енгізіледі. Мәселен, кез келген азамат партия құрамына кірмей-ақ, мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер бола алады. Бұл демократиялық басқару жүйесінің қалыптасуына жасалған тың қадам болмақ. Президенттің өкілеттігі де шектеледі. Жаңа өзгерістер бойынша аймақ әкімдерін Мемлекет басшысы тағайындамайды. Оған аудан мен қала мәслихаттарының депутаттары дауыс беруі керек.
Қазбек Майгельдинов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы:
Бізде елімізде барлығы бір ғана Президенттің қолында емес. Керісінше, Президенттің жанындағы билік әртараптандыру керек. Парламент өзінің функциясын орындау керек. Үкімет өзінің функциясын орындау керек. Қала әкімдері мен облыс әкімдері өз функциясын. Сол кезде ғана жүргізіліп отырған реформалар өзінің тиімділігін көрсете алады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа тарихи кезеңге қадам: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды
23.11.2026, 12:40
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04