Референдумды бақылауға 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелді
Еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері конституциялық реформалар туралы кеңінен мағлұмат алды. Сыртқы істер министрлігінде өткен басқосуда референдум комиссиясы өкілдері еліміз үшін маңызды шараның негізгі кезеңдерінен бастап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімімен таныстырды. Қазіргі таңда ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Референдумды бақылауға төрт халықаралық ұйым мен 13 мемлекеттен 105 байқаушы тіркелген. Олар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түрік елдері саммиті, ТМД елдері және тағы басқа белді ұйымдар тарапынан келген өкілдер. Елшілер референдум халықтың болашағына оң өзгерістер әкелеріне сенімді.
Хорхе Урбиола, Қазақстандағы Испания елшісі:Референдум өткізудің өзі мемлекетіңіз үшін үлкен бір жетістік. Алғашқысы 1995 жылы өткен. Ең маңыздысы, қазір сөзден іске көшу. Қазақстанға өзгерістер келетін күн алыс емес деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа тарихи кезеңге қадам: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды
23.11.2026, 12:40
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04