Депутат Айқын Қоңыров: Жер мемлекеттің емес, халықтың меншігі
Республикалық референдум аясында Конституциямыздың 33 бабына өзгертулер енгізіледі. Бұл мемлекеттің болашағын халықтың өзі айқындауына жол ашатын негізгі қадам,-дейді Қазақстан халық партиясының өкілдері. Бүгін осы партия атынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутат Айқын Қоңыров Қарағандыға барып, көптің референдумға қатысты сұрақтарына жауап берді. Ата заңның үштен бір бөлігі жаңарады. Әсіресе, жер, оның қойнауы, қазынасы халықтың меншігі деп заңға өзгеріс енуі келешек ұрпақ үшін аса маңызды.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Біздің отандастарымызды толғандыратын негізгі мәселелердің бірі ол жерге қатысты. Жер мемлекеттің емес, халықтың меншігі. Сәйкесінше оның асты мен үстіндегі байлықтың барлығы халықтың дәулеті болып есептеледі. Бұл мәселелер біздің партияның негізгі құжатында кеңінен қамтылған. Мемлекет басшысының кешенді саяси реформаларын, тың бастамаларын біздер толық қолдаймыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00