Конституциялық реформа қарапайым азаматтарға не береді?
Конституциялық реформаның оң әсерін еліміздің әр азаматы сезінетін болады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында жариялаған бейнеүндеуінде мәлімдеді. Ата заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артады. Омбудсмен ешбір мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға есеп бермейді. Азаматтардың құқықтары нақты қорғалатынына кепілдік беретін институтқа айналады. Реформа аясында елімізде Конституциялық сот құрылады. Бақылаушы орган Ата заңға қайшы келетін кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады. Оның құрамын Президент және Парламент палаталары жасақтайды. Конституциялық соттың судьялары саяси партияларға мүше бола алмайды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Яғни кез келген азамат қандай да бір нормативтік акті, оның Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейді деп санаса Конституциялық сотқа шағымдануына болады. Мұндай құқықтардың ауқымы кең. Конституциялық соттың шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді және еліміздің бүкіл аумағында жалпыға міндетті саналады. Мұндай түпкілікті шешімдерге шағым келтіруге болмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа тарихи кезеңге қадам: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды
23.11.2026, 12:40
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04