Ерлан Қарин: Конституциялық реформаның оң әсерін еліміздің әр азаматы сезінетін болады
Конституциялық реформаның оң әсерін еліміздің әр азаматы сезінетін болады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин YouTube арнасында жариялаған бейне үндеуде мәлімдеді. Ата заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артады. Омбудсмен ешбір мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға есеп бермейді. Азаматтардың құқығы нақты қорғалатынына кепілдік беретін институтқа айналады. Реформа аясында елімізде Конституциялық сот құрылады. Бақылаушы орган Ата заңға қайшы келетін, кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
«Яғни кез келген азамат қандай да бір нормативтік акті, оның конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандығын шектейді деп санаса Конституциялық сотқа шағымдануына болады. Мұндай құқықтардың ауқымы кең. Конституциялық соттың шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді және еліміздің бүкіл аумағында жалпыға міндетті саналады. Мұндай түпкілікті шешімдерге шағым келтіруге болмайды».
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00