272 шетелдік байқаушы тіркеуден өтті
Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы отырысында мәлім болды. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы аккредитациядан өткен. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропалық Одақ өкілдігінің мүшелері. Олар осы жексенбіде өтетін референдумды бақылап, ел бойынша орналасқан учаскілерге барады.
Жиында сондай-ақ референдумға дайындық жұмыстары пысықталды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси шараға толыққанды қатысуы үшін инватакси және сурдоаудармашылар қызметі қолжетімді болмақ. Барлық мәлімет орталық референдум комиссиясының сайтында көрсетілген, ал өтініштерді айкөмек пен өңірлердегі колл орталықтарға хабарласып жеткізуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00