Депутаттар Теміртаудағы металлургиялық комбинат кеншілермен кездесті
«Референдум елімізде жүзеге асырылатын үлкен саяси реформалардың бастауы болмақ. Конституцияға тың өзгерістер енгізіліп, Қазақстан дамудың жаңа жолына түседі», - дейді Мәжіліс депутаттары. Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа барған мәжілісмендер жұмысшылармен кездесу барысында алдағы референдум туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Кеншілер қаланың экологиясы, өндіріс қауіпсіздігі, жалақы мен зейнет жасына қатысты өздерін алаңдататын сұрақтарына жауап алды.
Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Енді мына Конституциялық өзгерістер, шын мәнінде, бүкіл халықты қамтиды. Саяси реформалардың да басты мақсаты сол - көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашып беру. Айлыққа, мекеменің меншігі, еліміздегі жемқорлыққа, әділетсіздікке байланысты сұрақтар қойылып жатыр. Саяси реформаның қажеттігі осы мәселелерді халық пен биліктің арасындағы алшақтықты жою.
Ардақ Аждаров, металлург:
Менің ойымша, референдумды қолдау керек. Жаңа Қазақстан деп айтқандай, соған қарай ұмтылуымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа тарихи кезеңге қадам: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды
23.11.2026, 12:40
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04