Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық 18 жастағы Алижан Салиев болды
Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық 18 жасқа енді толған Алижан Салиев. Ол қазір Токио қаласында оқып жүр. Айта кетейік шетелде бірінші болып Жапония мен Кореядағы дауыс беру учаскелері жұмыстарын бастады. Ал, Алижан осындай тарихи оқиғаға тұңғыш рет қатысып тұрғанын айтты.
Алижан Салиев, Қазақстан Республикасының азаматы:Осындай тарихи оқиғаға қатысқан кезде көңілім алаңдаулы болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені менің дауысым Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын.
Сонымен қатар, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларындағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Айта кетейік шет елдерде жүрген отандастарымыз үшін 52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған. Олардың мекен-жайы елшіліктердің сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жазулы. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 11 мыңнан астам азамат шет елдерде жүріп өз таңдауын жасайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14