Қарағанды облысында барлық 9 қала мен 9 ауданда референдум учаскелері жұмысын бастады
Қарағанды облысында барлық 9 қала мен 9 ауданда референдум учаскелері есігін айқара ашты. Барлығы өңірде 700-ден астам учаске бар. Қазір тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен тікелей байланысқа шығады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Еліміздегі ең үлкен облыста тап қазір 777 учаске жұмысын бастады. Дайындық өте жоғары деңгейде. Жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі. Өңір бойынша 900 мыңдай адам дауыс бере алады. Учаскелердің 179-ы облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан. Біз қазір Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның №169 учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2044 адам тіркелген. Ең алғашқы болып учаскеге екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері ғасыр жасаған Бүркіт Есжанов ақсақал келді.Облыс бойынша референдум учаскелері тас-түйін дайындалған. Оларда 5 мыңдай комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Дауыс беруге қатысуға он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматтарының барлығының құқығы бар.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалған хабарлама таратып, қаржы жымқырған топ ұсталды
08.04.2026, 17:07
Сот жүйесіндегі реформалар оң нәтиже беруде
08.04.2026, 17:05
Дипломсыз «психологтар» жауапқа тартылады
08.04.2026, 17:03
Қазақстан – Корея стратегиялық серіктестігі нығая түсті
08.04.2026, 17:00
Президент Таяу Шығыстағы соғыстың тоқтауын құптайтынын мәлімдеді
08.04.2026, 14:29
Петропавлдағы жылу желілері мемлекет меншігіне өтті
08.04.2026, 14:27
Қазақстан білім беру рейтингі бойынша 18-орынға көтерілді
08.04.2026, 14:25
Кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған қостанайлық блогер 7,5 жылға сотталды
08.04.2026, 14:24