Еліміздегі саяси науқанның өту барысы туралы хабар тарату үшін Қазақстанға шетелдік БАҚ өкілдері де келді
Бүгінгі референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар тәңертеңнен бастап учаскілерде жүр. Сондай-ақ, еліміздегі саяси науқанның өту барысы туралы хабар тарату үшін Қазақстанға шетелдік БАҚ өкілдері де келді. Сыртқы істер министрлігі Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып күні бойы арнайы брифингтер өткізеді. Осы жерден Ұлттық арна тілшілері де сағат сайын хабар таратып отырады. Ал дәл қазір шетелдік байқаушылар журналистермен бірінші кездесуін бастады.
Берік Көшербай, тілші:
Елордадағы халықаралық ақпараттық орталығында тұрмын. Бұл жерде шетелдік орталық сайлау комиссияларының өкілдері, яғни халықаралық байқаушылар брифинг өткізеді. Қазақстандық және басқа 30-ға жуық елден арнайы келген тілшілерге бүгінгі референдумның өту барысы, учаскілерде осы уақытқа дауыс беру процессі қалай жүріп жатқанын айтады. Бірер минут қана олар бірінші баспасөз кездесуін бастады. Бірінші болып Қырғызстаннан келген байқаушы Абдыжапар Бекматов сөйлеп жатыр. Мұндай брифингтер бұл жерде бүгін кешке дейін, шамамен сағат сайын ұйымдастырылады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14