Жамбыл өңірінде сағат 12.00-ге дейін референдумға қатысатын тұрғындардың 40 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді
Жамбыл өңірінде сағат 12.00-ге дейін референдумға қатысатын тұрғындардың 40 пайыздан астамы таңдауын жасап үлгерді. Көпшілік әлі де учаскелерге келіп, өзінің азаматтық позициясын білдіріп жатыр.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Аймақта тұрғындардың дауыс беруге деген белсенділігі арта түсті. Қазірге дейін облыс тұрғындарының жартысына жуығы референдумға қатысып дауыс берген. Көрсеткіш әрине жақсы. Бұл конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы бір ай бойы жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі десек те болады.
Қазір менің қасымда «Ауыл» демократиялық партиясының облыс бойынша төрағасы Ерболат Саурықов мырза тұр. Ерболт мырза, халықтың бүгінгі белсенділігін көріп отырмыз. Мұның бәрі сол уақытында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі деуге болады ғой?
Ерболат Саурықов, Облыстық «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:
Жалпы өңір бойынша 700 мыңға жуық тұрғын дауыс береді деп есептелген. Ал таңнан жұмысын бастаған 492 учаскеде, 3748 комиссия мүшелері бар. Қорыта айтқанда тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіне қарап, Атазаңдағы өзгертулер мен толықтыруларға Әулиеаталықтардың да үлесі жоғары болады деген сенім бар.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14