Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады
Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады. Тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Тілшіміз Айнұр Ақбаева тікелей қосылып тұр. Айнұр облыста қанша адам дауыс беруге қатысқан?
Айнұр Ақбаева, тілші:
Кеше екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1 млн 163 мыңдай адам референдумда таңдау жасау мүмкіндігін алған болатын. Соның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келіп, маңызды шараға қатысты. Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төле би аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Сондай-ақ өңірде 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Комиссия өкілдері дауыс беру барысында қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелмегенін айтты. Жалпы халықтың саяси шарада халықтың белсенді болуы референдумға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгендігінің арқасы, дейді сарапшылар. Бұған дейін қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Оған 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03