Украина әскері Херсонды қайтару операциясын бастады
Украина армиясы Ресей басып алған Херсонды қайтару жолындағы қарымта шабуылға кірісті. Соңғы мәліметке қарағанда, қалада жарылыстар болып жатыр. Ал сәрсенбінің кешінде украин зымырандық-артиллериялық бөлімшелері Ресей әскерінің төрт командалық пунктіне және төрт көлік артериясына, яғни Каховка, Даревский және екі Антонов көпіріне соққы берген. Сонымен қатар Украина авиациясы бекіністерге, оқ-дәрі қоймаларына және Ресей қарулы күштерінің адам күші, қару-жарағы, техникасы шоғырланған аудандарды 16 рет атқылағанын хабарлады. Бірақ Мәскеу бұл деректердің бәрін жоққа шығарып, қарсы жақты ауыр шығынға ұшыратқанын мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07