Еуропада электр энергиясының бағасы рекордтық деңгейге жетті
Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде оның құны сағатына 700 еуро Мвт-тан асты. Қарт құрлық тарихында бұрын соңды мұндай жоғарғы көрсеткіш тіркелмеген. Бағаның күрт өсуіне Франция мен Германиядағы атом реакторларының өшірілуі себеп дейді сарапшылар. Ресейдің қарт құрлық елдеріне газ тасымалын қысқартуы да дағдарысқа түрткі болған.
Ариана Сэрай, Брюссель қаласының тұрғыны:
Электроэнергия өте қымбат. Мен ай сайын 25 еуро төлейтінмін бір адамға. Енді 25 есеге тағы көбейді. Онсызда қыста қалың киініп, жылуды сөндіріп қоятынмын. Биыл мүлдем қоспаймын енді.
Дормал Клэйвин, Брюссель қаласының тұрғыны:
Тоқтың қымбаттауы төбемізден жай түсіргендей болды. Онсызда су қымбат еді, енді газ бен жарықтың құны шарықтады. Үкіметтен қолдау болмаса энергетикалық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07