Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмыстарымен шырайлы Шымкентке барды
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмыстарымен шырайлы Шымкентке барды. Тігін фабрикасына соғып, ісмерлермен кездесті. Бұл цех 1995 жылы ашылған. Қазір мұнда 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 90 проценті әйел адамдар. Кәсіпорын негізінен күш құрылымдарына қажетті арнайы киімдер мен мектеп формаларын тігеді. Кандидатпен кездесу барысында фабрика өкілдері кәсіпорынның жұмысына, кадр тапшылығы мен шикізатқа байланысты өз мәселелерін айтып, толғандырған сұрақтарын қойды.
Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
Шығаратын өнімдерін қазақстандық бренд деп атасақ та болады. Өйткені таң атқаннан кеш батқанға дейін сол жерде істейтін әйелдер бар өнерлерін, бар шеберлерін салып, істеп отырған тіршіліктері. Бұл жерде пандемияға қарамай, дағдарыстарға қарамастан мынандай фабрикалар жұмыс істеп келе жатыр. Алайда олардың бастарынан өтіп жатқан бірталай проблемаларымен сол фабриканы басқарып отырған Әнипа Лесбекқызы пікірін білдіртті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10