«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланды
Ғылым әлеуметтік түйіткілдерді шешуі керек. Осылай деген Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері бүгін Алматыда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқылады.
Бұл жолы Үкімет те, депутаттар да екі жақтан заң жобасын ұсынып отыр. Басты мақсат - ғылымды өрге домалатынатын екі заң жобасын жүйелеп дайындау. Ең алдымен, ғалымдарға қолайлы орта мен жағдай жасау қажеттігі айтылды. Ал ғылым әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ете білуі қажет. Мәселен, ауыз су мәселесіне қатысты гидропологиялық зерттеулердің маңызды екені айтылды. Сондай-ақ, ғылымға бөлініп жатқан қаражаттың есебіне қатысты өзгерістер болатыны айтылды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Заңның өзінде де мынандай норма бар, ірі жер асты қойнауын пайдаланушылар өзінің қаржысының бір пайызын ғылыми мәселелерге салуы керек деген, яғни өзінің саласын жетілдіруге немесе өзінің кәсіп орынын жетілдіруге салу керек деген. Бірақ осы кезге дейін осы норманың жұмыс істеп тұрғанына 6-7 жыл болды, бірақ оның қайда кетіп жатқаны түсініксіз, ол ғылымға кетіп жатыр ма, басқаға кетіп жатыр ма, нақты оның есеп-қисабы жоқ. Заңда ол норма бар, бірақ оның ашықтығы жетіспейді, осындайда мәселелер жоқ емес, осындайларды шешу үшін осы заң жобасы ұсынылып жатыр.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12