Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заңды қарады
Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заңды қарады. Құжатта кәсіпкерлік қызмет жағдайларын жақсартуға және негізсіз кедергілерді жоюға қатысты өзгерістер қамтылған. Сондай-ақ мұнда мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібін реттейтін нормалар да бар. Заң Мемлекет басшысының қолайлы бизнес-климатты қамтамасыз етуге қатысты, жекелеген тапсырмаларын іске асыруды көздейді. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына тиімді атаулы қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеуден кезең-кезеңімен бас тартуға бағытталған. Жалпы, осы құжат арқылы 114 заңнамалық актіге, оның ішінде 12 кодекске және 102 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Заң мақұлданған жағдайда кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қорғаудың тың тетіктері іске қосылмақ.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37