Сарапшы: Салық жылдық таза табыстан төленуі тиіс
Елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың 4-ші кезеңі аяқталмай тұрып, салық кодексіне және декларация тапсырудың тетігіне қатысты өзгерістер енгізілуі қажет.
Бүгін Алматыда салық және қаржы сарапшыларымен өткен форумда осы мәселе көтерілді. Олар негізгі екі ұсынысты алға тартты. Біріншісі – биржа арқылы инвестициялық табыс табуды көздеген азаматтар салықты кірістен емес, таза табыстан төлеуі тиіс. Екіншісі – жалпыға бірдей декларация тапсыру кезінде қор нарығындағы есепті кәсіби брокердің өзі өткізгені жөн дейді.
Сарапшылар декларация тапсырудың жеңілдетілген нұсқасы енгізілмесе, нарықтан ойыншылар жаппай кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Сондай-ақ инвестициялық табысын көрсетпейтіндер көп болады деп топшылайды. Қазір қор нарығында 2 миллионға жуық ашылған шот бар.
Әсел Әуелбекова, Қаржы және салық сарапшысы:
Биржада заңды тұлға да, инвестор бола алады. Бірақ олар брокерлік комиссияны, барлық шығындарды алып тастап барып, есеп береді. Яғни, минусқа кетсе ешқандай салық төлеймейді. Ал жеке тұлғаға келгенде бұл ескерілмейді. Жылына бір ғана операция табыс көрсетсе, ол 10 пайыздық салық төлеуге міндетті. Бұл тиімсіз болғандықтан есеп бермей қояды. Инвесторларға деген талап бірдей болу керек деп есептеймін.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12