«Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясының отырысы өтті
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы қарсаңында «Мәдениет. Өнер. Руханият» және «Азаматтық қоғам» секциялық жиындары өтті. Онда әлеуметті толғандыратын өзекті мәселелерден бастап, отбасындағы тәрбие мен тұрмыстағы сын-тегеуріндерге дейін талқыланды. Ұлттың мәдени сапасын арттыруға, өнердің сан-саласын дамытуға қатысты ой-пікірлер пысықталды. Әрі нақты ұсыныстар айтылды.
Данияр Қайыртай, тілші:
Міне, «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбындағы секцияның жұмысы аяқталды. Онда құрылтай мүшелері осы салаларға қатысты өзекті мәселелерді қызу талқылап, ұсыныс-пікірлерін айтты. Мысалы, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мәдениет пен руханиятқа қатысты бірқатар заңдар қажеттігін айтты. Жанарбек Садықанұлы қазір жанымызда тұр. Өз ұсынысыңыздың мәнін ашып айтып берсеңіз.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Нақты өз тарапымнан бірнеше ұсыныстар бердім. Соның ішінде материалды емес құныдылықтарға қатысты біздің мұң, зарымыз. Кеңес уақытында да, одан кейінгі тәуелсіздік уақытында біз осы құныдылықтарымызды фальклорымыз бар, елдің ішіндегі наным-сенім, діни мерекелерімізге қатысты қисса, жыр, дастан, түрлі өнер бүркітшілік, балуандық басқа да 87 эленментке қатысты дүниемізді біз толыққанды түгендей алмай жатырмыз. Осы дүниені біз заңмен реттеуіміз керек.
Бүгінгі секцияларда айтылған бүкіл ұсыныстар, тілектер, талаптар барлығы бүгін түстен кейін сараланып, ертеңгі күнге бір жыл бойы атқаратын негізгі міндеттеріміздің бірі болмақ.
Дәл осы сияқты отырыстар түстен кейін де жалғасады. Олар «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» тақырыптарын арқау етеді.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10