Атырау облысында бөгеттер салу жұмыстары жалғасып жатыр
Атырау облысының Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы су тасқынына қатысты брифингте әкімнің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты. Оның сөзінше қалада су сору жұмыстары қолға алынды. Қазір бұрылған судың жалпы көлемі 770 мың текше метрге жетті. Мәліметке сәйкес, біржолғы материалдық көмек төлеуге 3 мыңнан аса өтініш қабылданды. Төлемдерді 2800-ге жуық отбасы алды. Бұдан бөлек, Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында бөгеттер салу және нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
Руслан Жұмағазиев, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда Су кеткен аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда. 20 сәуірдегі жағдай бойынша 21 нысан дезинфекцияланды. И. Сариев көшесіндегі 60 үй, №18 орта мектеп, екі кәсіпкерлік нысаны электр қуатына қосылды. Қазіргі уақытта 3 бригада және 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Атырау шағын ауданындағы 10 көпқабатты үй, Автожолшылар шағын ауданындағы 150 үй, Д.Әжіғалиев көшесіндегі 11 үй газға қосылды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08