Төрт түлік малдың иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі бекітілді
Тасқын кезінде 8000-нан аса малдың өлгені расталған, оның басым бөлігі - ұсақ мал. Мұны Ауыл шарушылығы министрлігі айтты. Үкімет су тасқынынан өлген төрт түлік малдың иелеріне өтемақы төлеу алгоритмін бекітті. Ол үшін малдың енін не таңбасын көрсету керек. Ені болмаса, тіпті құжаты болмаса 3 адам куәлік етсе, өтемақы төленеді. Ал өтемақы мөлшері, өңірдегі мал бағасына сай есептеледі. Бүгінде Батыс Қазақстан бойынша өтемақы төлеу үшін 187,4 млн тг бөлінді.
Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
Елімізде агроштабтар құрылып жатыр. Басқа да белсенділер өз жұмысын жасап жатыр. Алайда мемлекет есебінен жергілікті жерлерде өтемақы төлеу комиссиялары жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда қарағанды облысында барлық өлген мал иелеріне толық өтемақы төленді. Ақтөбе мен Қостанайда жүргізіліп жатыр. Қостанайда 600 бастан, Ақтөбеде 400 бастан жоғары мал басы төленді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18