Атырау облысында Жайықтың су деңгейі 8 см-ге көтерілді
Атырау облысындағы Жайықтың су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Оған Батыс Қазақстан облысының аумағынан жылыстап келген су әсер еткен. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы өкілі мәлімдеді. Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр. Бөгеттерді нығайту жұмыстары әлі жүріп жатқанын айтты. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды.
Ал Құлсары қаласын тасқын судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. 207 мың текше метрден астам су тартылған. Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақта дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Төтенше Жағдайлар министрлігінің дерегінше, бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08