Астанадағы №44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді
Елордадағы №44 орта мектеп енді Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталады. Бұйрық 5-ші ақпан күні шыққан. Алайда салтанатты шара ресми түрде Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ батырының ерлігі, өскелең ұрпаққа өнеге, дейді мектеп директоры. Салтанатты шараға қаланың білім бөлімінің мамандары мен қала әкімдігі, әскери сала мамандары қатысты.
Ләззат Құлтаева, мектеп директоры:
Оқушыларымыз іс-шараларға қатысып, түрлі байқауларға әскери патриоттық спорт ойындарына қатысып, жақсы орындар жеңіп алуда. Сондықтан, бұл есімді бекер алған жоқпыз деп ойлаймын. Бұл біздің елдің алға қойған басты мақсаты деп түсінемін. Ең бастысы - отансүйгіштік.
Маржан Нұрмағанбетова, Рақымжан Қошқарбаевтың немере қарындасы:
Рақымжан ағатайымның немере қарындасымын. Ол кісінің қарындасы қолымда тұрады. Бүгінгі өтіп жатқан шараға өте қуаныштымын. №44 мектеп ағатайымның атына беріліп жатыр. 81 жыл болды ғой соғыс көрмегелі, көрмей-ақ қояйық, ағатайымның ерлігі, басқа 55 млн адам өлді. Біздің тыныштығымыз үшін. Артымыздан қалған балалар ұмытпасын.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20