Елімізде 140 сингапурлық компания жұмыс істейді
Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жылдан асты. Осы уақыт аралығында екі елдің стратегиялық серіктестігі біршама нығайды. Әсіресе, сауда-саттық пен қаржы саласындағы алыс-беріс қарқынды дамып жатыр.
Бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания жұмыс істейді. Олар көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Екі елдің тау-кен өнеркәсібімен айналысатын ортақ кәсіпорны да бар. Сингапур елінен тартылған инвестиция көлемі, соңғы 5 жылда - 1,2 млрд АҚШ долларына жетті. Ал, былтыр бір жылда Сингапур Қазақстанға 458 млн АҚШ долларын құйған.
Айнұр Исабаева, «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми өкілі:
Ал егер біздің «Астана» халықаралық қаржы орталығын туралы айтатын болсақ бүгінгі күнде 30-дан астам компания жұмыс істейді. Олардың көбі қаржы, IT және Крипта саласында жұмыс істейді. Қазіргі таңда шетелдік компаниялармен жақсы жұмыс істеп келе жатырмыз. «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы еліміздің эвономикасына 11,4 млрд доллар қаржы тартылды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13