Орманшылардың айлығы үш есеге өскен
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлерінің еңбекақысы үш есеге өсті. Абай және Павлодар облыстары аумағындағы өрттен кейін Президент орманшылардың жалақысын көтеріп, материалдық техникалық базасын жақсартуды тапсырды. Биыл «Ертіс орманы» резерватына 3 млрд 299 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның 12 пайызы ғана материалдық-техникалық базаны ұстап тұруға, ал қалған 88 пайызы жұмыскерлердің еңбекақысына бөлінді.
Гүлнар Нұрымова, «Ертіс орманы» резерватының бас есепшісі:
Мемлекеттік инспектордың еңбекақысы 338 мың теңге. Былтыр 119 мың теңге болған. Ал штаттан тыс қызметкер былтыр 95 мың теңге алған болса қазір 211 мың теңге төленеді. Бізде тұрақты түрде 307 маман қызмет атқарады. Қалған 1900 адамды маусымдық жұмыстарға қабылдаймыз.
Өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтар алу үшін өткен жылы 16 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл мақсатқа берілген қаржы үш есеге көбейген.
Қобыланды Атығаев, «Ертіс орманы» резерватының бөлім басшысы:
38 орман өрті. Былтыр 133,227 млн теңге шығын болды. Енді былтырғы жылмен салыстырғанда биыл орман өрттерінің саны 75 пайызға, аумағы 99 пайызға азайды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04