Атыраулық спортшы Ерсейіт Бралин көмір тиелген 94 тонна вагонды сүйреді
Атыраулық спортшы Ерсейіт Бралин көмір тиелген 94 тонна вагонды сүйреді. Енді салмағы 120 тонна болатын 5 вагонды сүйреуді мақсат етіп жүр. Егер бұл ойы іске асса, елімізде жаңа рекорд тіркелуі мүмкін.
Ерсейіт бала күнінен қазақша күрес, гір тасы, қой көтеру секілді жарыстарға жиі қатысқан. Қазір қайратты жігіт аптасына үш рет үш сағаттан жаттығады. Соның нәтижесінде 141 келі тасты еркін көтереді. Вагон сүйреуге ғаламтордағы бейнежазбалар сеп болған. Шыныға келе Қазақстанның батыс аймағы бойынша рекорд орнатты.
Ерсейіт Бралин, спортшы:
5 вагон сүйрейтін алда жоспарым бар. Қазақстанның рекордын орнататын. Соған дайындық басталып кетті. Рекорд тіркейтін адамдармен сөйлестік. Өздері келеді, қарайды.
Бұдан бөлек спорттың пауэрлифтинг және грепплинг түрімен айналысып, спорт шебері нормасын орындаған. Мәселен, пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда өткен «Толағай алыптары» жарысының жеңімпазы. Енді шәкірт тәрбиелеп, ауданнан чемпиондарды шығарғысы келеді.
Қуандық Сайфолла, шәкірті:
Сол кісіге еліктеп осы залға келгеніміз бар. Ерсейіт ағамыздан көп зат үйреніп жатырмыз. Әр адамның дене бітіміне, шынығуына әр түрлі жаттығулар береді.
Ерсейіт темір көтеріп, вагон сүйреуден бөлек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде жұмыс істейді. «Өрт сөндірушіге кәсіби біліктілігін ғана емес, спорттық бабын да шыңдау қажет» дейді ол. Әріптестерінің арасында қызметте адалдығымен, өзінің өжеттілігімен көзге түскен.
Әділ Қонқаев, Құрманғазы ауданы ТЖБ бастығы:
Өрттегі Ерсейіт өте батыл. Мынадай алып денесімен қорқақ болса білмеймін. Өте батыл жігіт, тез шешім қабылдай алады. Өзінің қызметкерлерін спортқа баулып жүреді.
Ауылдастарының қолдауы арқасында біраз жетістіктерге жеткен спортшы бүгінде жастармен көбірек кездесіп отырады. Спорт – денсаулық кепілі деген ұранды ұстанып, келешек ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға күш салып жүр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16