Ұшақ апаты: Арнайы өкілдер науқастардың жағдайымен танысты
Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтар сұқбат берді. Бүгін Қырғыз елінің арнайы өкілдері мен туыстары келіп, науқастармен жүздесті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Бүгін Қырғыз елінен келген арнайы топ пен туысқандары науқастармен кездесіп, жағдай сұрасып, мәре-сәре болып жатыр. Екі азамат травматология, ал бір науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Үшеуі де Грозный қаласына көлік алып қайтуға шыққан екен. «Абырой болғанда ұшақтың артқы жағында отырып, аман қалдық», - дейді. Барлығының жағдайы бірқалыпты. Бірнеше күн ем алғаннан кейін, бүгін ғана зардап шеккен азаматтармен тілдесуге мүмкіндік туды. Жағдайларын сұрап, сұқбат жазып алған едік. Тыңдайық…
Тілек Осмонов, Қырғыз елінің азаматы:
Келгеннен кейін тексеріске алып кетті бірден. УЗИ-ге түсірді. Толық тексеріп, гипс салды маған. Інімді жансақтау бөліміне алып кетіпті.
Рамазан Орынбасар, травматолог:
Жағдайлары жақсы, шоктық жағдайдан шығып, өз-өздеріне келуде.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жалпы көрші Қырғыз елінен министрлік, елшілік және зардап шеккендердің туыстары, барлығы сегіз адам келді. Әуелі аурухананы аралап, науқастардың жағдайымен танысты. Одан соң қысыл-таяң шақта демеу болып, қол ұшын созып жатқандары үшін Қазақ еліне алғыстарын айтты.
Алмазбек Асанов, Қырғыз Республикасы Азаматтық қорғау басқармасының басшысы:
Ерлан мен Тілектің жағдайы жақсы екен. Жансақтау бөлімінде жатқан Ринаттың жағдайын көріп, шүкір еттік. Облыстық ауруханадағы азаматтардың барлығына үлкен ризашылығымды білдіремін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Еске салсақ, қазір Маңғыстау облыстық ауруханасында ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем қабылдап жатыр. Үшеуі Қырғызстан, үшеуі Әзірбайжан елінің азаматтары. Оның төртеуі жансақтау, ал екеуі травматология бөлімінде. Жансақтау бөліміндегі 4 азаматтың жағдайы ауыр. Ал травматология бөліміндегі 2 адамның беті бері қарап, өз еркімен қозғалып, ес жия бастады. Бүгін Әзірбайжан мен Қырғызстан елінен келген арнайы мамандар консилиум өткізді. Алты азамат та алдағы уақытта өз елдеріне қайтарылмақ. Енді тасымал мәселесі шешіліп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16