Абай облысы су тасқынының алдын ала бастады
Абай облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталды. Арнайы топ елдімекендерді аралап, су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын бақылауда. Өңірде 95 гидротехникалық нысан бар. Олардың 10-ы жекеменшікте. Сондықтан жекенің қолындағы нысандар жіті тексеріліп жатыр. Ірі су қоймалары да назарда. Мамандар Шүлбі су электр станциясының жұмысын тексерді. Қоймада 2 миллион текше метр су сақтауға болады. Су электр станциясы күшейтілген режимге көшуге дайын.
Виктор Шестаков, гидротехникалық құрылғыларды жөндеу шебері:
Шүлбі су электр станциясы Қазақстандағы ең қуаттысы болып саналады. Қазір жұмыс қалыпты. Көктемгі су тасқынына нысан дайын. Ешқандай қауіп жоқ. Сәуірдің соңы мен мамырдың басында су қоймаға өте көп мөлшерде жиналады. Сондықтан біз Ертіс өзеніне жіберілетін судың деңгейін үнемі қадағалап реттеп отырамыз. Биылғы көктемгі тасқынға қарсы су қоймасы толық дайын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04