Абай облысында жасөспірімді бір топ оқушы аяусыз соққыға жыққан
Семейде бір топ жасөпірім 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан. Бұзақылар ұл баланың басынан, кеуде тұсынан тоқтаусыз тепкілеп, ол әрекеттерін телефонға түсіріп алған. Оны әлеуметтік желіде таратқан. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 6-7 сыныпта оқитын озбырлардың ата-аналары да полицияға жеткізілді.
Жасөспірімдер арнайы есепке қойылып, олардың тәртібін кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия қарайды. Ал қорлық көрген жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер де баланың денсаулығына қаншалықты зиян келгенін тексеруде.
Ғалия Нұрғалиева, Семей қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:
Оқиға демалыс күндері болған. Соққыға жығылған оқушы қазір мектепте. Ол емханаға жүгінбеген. Дегенмен қазір құқық қорғаушылар мән-жайды анықтап жатыр. Баланы ұрып-соққан барлық жасөспірім тергеліп жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03