Қызылорда облысында күн 44 градусқа ысыды
Қызылорда облысында кешелі бері аптап ыстық. Бүгін сынап бағанасы 44 градусқа дейін көтерілді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Бұрын аптап ыстық маусымның ортасынан кейін басталатын. Биыл мамыражай мамырда күн шыжып, тіптен қапырық. Синоптиктердің мәліметінше, соңғы рет мұндай ыстық облыста 2021 жылы қуаңшылық кезінде болған. Сондай-ақ мамандар күннің күрт ысуы Ираннан келген циклонның салдары екенін айтады және ол үш күн сақталып, аптаның соңына қарай температура 40 градустан түседі деген болжам бар. Мұндай климаттық өзгеріс әсіресе қан қысымы жоғары адамдардың денсаулығы үшін қауіпті. Дәрігерлер күндізгі 12-ден кешкі 5-ке дейін күн астында жүрмеуге кеңес беруде. Бүгін басынан күн өтіп медициналық көмекке бірнеше адам жүгінген. Ал шаруалар үшін күннің ыстығы қолайлы болып тұр. Күрішшілер дән сеуіп болды, осы ыстықтың арқасында күріш тез көтеріледі дейді диқандар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04