Жамбыл облысында енді агроном мамандар даярланады
Өйткені өңірде талапкерлер тарапынан диқаншылық пен ауыл шаруашылығының агрономия бағытына сұраныс артып отыр. Енді жаңа мамандық бойынша биыл №10 Шу колледжі студенттер қабылдайды. Орта оқу орны биыл 9–11-сыныпты аяқтаған 50 түлектің барлығына грант тағайындайды. Студенттер жер қыртысын зерттеу мен топырақтың құнарлығын анықтау тәсілдерін меңгереді. Ал олардың мықты маман болуы үшін аптасына үш рет алқап басында тәжірибеден өту көзделген.
Тоғжан Мұсаева – №10 Шу колледжінің директоры:
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы мен қолдауының арқасында бұл іс-шаралар жүзеге асып жатыр. 2025 жылы бізге “Қызыл жер” компаниясы қолдау көрсетіп, агрономия мамандығын ашып отырмыз. Бүкіл зертханалық кабинетті толықтай жабдықтап берді – оқу құралдарынан бастап, парта-жиһазына дейін. Жалпы облыс бойынша колледждердің ішінен дәл осы Шу колледжі инвестиция есебінен жаңа мамандық ашып отырған жалғыз оқу орны».
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06