Маңғыстау мен Қызылорда облысында жасөспірімдер суға батып кеткен
Қайғылы оқиға 9А шағын аудан аумағындағы жағалауда болған. Суға батып бара жатқан екі жасөспірімді сол маңдағы демалушылар байқап, судан шығарған. Алайда 14 жастағы жеткіншек оқиға орнында қаза тапты. Екінші бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің жағдайы тәуір.
Ерлан Сұлтанмұратов, Маңғыстау облыстық ТЖД ресми өкілі:
Суға түсуге болмайтын, яғни жабдықталмаған жерде суға түскен. Өздеріңіз білетіндей, мына Каспий теңізінің тартылуына байланысты тастақ жерлер де көбейді. Қазіргі таңда облыс аумағында 10 орын белгіленді – суға түсуге болмайтын әрі жабдықталмаған. Сондықтан балаларға алдағы жаз маусымында сондай жерлерге түспеуге кеңес беремін.
Ал Қызылорда облысы Дүр-Оңғар ауылында 9 жасар бала күріштікке баратын суармалы каналға батып, ажал құшты. Аутизммен сырқаттанған жасөспірім 6 маусым күні үйінің ауласында ойнап жүріп сыртқа шығып кеткен. 3 күн бойы полиция мен 400-ге жуық ерікті іздестіріп, оқушыны таппаған. 9 маусым күні құтқару жасағының сүңгуірлері баланың денесін су түбінен алып шықты.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04