Қарағанды облысында жаңа шағын аудан бой көтерді
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында жаңа шағын аудан бой көтерді. Алғашқы жаңа үйлерге тұрғындар қоныстана бастады. Жалпы, Ақтоғай ауданы бойынша үй кезегінде 314 адам тұр. Шағын ауданнан бірінші кезекте апатты үйлердің тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жас отбасылар мен мүгедектегі бар жандарға баспана қарастырылған. Құрылыстың бас жоспары бойынша мұнда 300-ге жуық нысан бой көтереді. Бүгінгі таңда ауданға қарасты Сарышаған, Шашубай кенттерінде де жаңа үйлер салынып жатыр. Ал, жалпы, облыс бойынша биыл 5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар.
Абылай Аманжолов, Ақтоғай ауданының әкімі:
Біз былтырғы жылдан бастап Ақтоғайдың солтүстік шығаберісінде жаңа шағын ауданның құрылысын бастадық. Қазіргі таңда ол жерлерде инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығы аяқталды. Биылдың өзінде осы Ақтоғайдың басында екіқабатты 12 пәтерлі бір үй және 14 жеке үйді пайдалануға береміз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04