Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 31 мың ағаш егіледі
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Оның 4 мыңдайы Жаңаөзен қаласына, тағы соншасы Бейнеу ауданы аумағына егіледі деп жоспарланған. Қалғаны басқа ауыл-аймақтарға отырғызылады. Бұған қоса, экологиялық акция барысында облыс аумағынан ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 68 қоқыс алаңының 64і жойылған. Соның ең ірісі - «Кіші Оймашы» көлінің маңында үйілген қоқыс толықтай жиналды. 26 техника жұмылдырылып, 540 тонна қоқыс шығарылған.
Жайна Сарқұлова, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
Маңғыстаудың климаты өте шөлейтті климат, сусыздыққа шыдамды ағаштар отырғызу қажет. Оның ішінде осы айлант, акация, туя, ясин және қарағаш ағаштарын отырғызу жоспарланған. Көктемгі сенбіліктер барысында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Яғни жұмыс 45 процентке орындалды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04