Ақмола облысында екі жолаушы көлік апатынан қайтыс болды
Қара жол бойындағы қасіретті жағдайлар азаймай тұр. Кеше түнде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында екі жеңіл көлік жылқы соғып, бірі жанып кетсе, екіншісі аударылған. Жантүршігерлік апат салдарынан «Киа Рио» автокөлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
Алмагүл Тұрсымбаева, облыстық ПД аға инспекторы:
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жылқы иесін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау туралы, ал үй жануарларының иелеріне малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу туралы еске саламыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04