Шу мен Талас өзені арқылы 304 млн текше метр су келді
Жамбылдық диқандар жерге соқа салғалы судан тарықпай келеді. Шу және Талас өзендері арқылы көрші елден 304 млн текше метрден аса ағын су келді. Сәуір айынан бері Қырғыз елінен келуі тиіс көлем 270 млн текше метр болатын.
Алайда екі ел арасындағы келісімдерге сәйкес ағын су көлемі артығымен келді. Жамбылдағы қожалықтарға 231 млн текше метрден астам су берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 млн текше метрге артық. Бүгінге дейін алқап басындағы диқандар 60 мың гектарға жуық егіс алқабын суарып үлгерді. Өңірде тіршілік көзін тиімді пайдалану жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағытта Фурманов айналма каналы мен Георгиев магистральдық каналы тазартылып жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20