Қайтарылған қаржыға спорт кешені салынып жатыр
Көкшетауда мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Көкшетауда көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр.
Нысанның ауданы 11 700 шаршы метрден асады. Қазір ғимараттың қабырғасы тұрғызылуда. Жұмысқа жергілікті құрылысшыларды қоса есептегенде 100-ге жуық адам тартылған.
Медет Бірімбай, жоба жетекшісінің орынбасары:
Осы нысанды жылдың аяғына қарай тапсыруға жобалап жатырмыз. Сондықтан қазіргі қолайлы ауа райына байланысты біз сыртқы абаттандыру жұмыстарын бастап кеттік және жертөледе инженерлік желілерді және жекелеген жұмыстарды бастап кеттік.
Жаңа спорт кешенінде телескопиялық трибуналары бар әмбебап мәдени ойын-сауық залы, 80 орындық мәжіліс залы, бірнеше күрес залы қарастырылған.
Азамат Байқуанышев, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Ақмола облысында арнайы мемлекеттік қордан қаржыландырылып отырған ең ірі жобалардың бірі осы көпфункционалды спорт кешені. Осы нысанды салуға 12,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылған. Жалпы өңірімізде қайтарылған актив есебінен салынып жатқан 12 нысанға арнайы қордан 16,5 млрд теңге бөлу көзделген.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04