Жамбыл облысы өнеркәсіптерінде өнім өндіру артып келеді
Жамбыл олысында өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім көлемі артып келеді. Жыл басындағы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есеге артып 63,5 млн долларға жетті.
Бүгінде өңір бойынша өңделген тауарларды шетелге шығару саудасы қыза түсті. Ал сыртқы сауда көлемінің өсуіне химия өнеркәсібіндегі экспорттың 9,3 есеге, тамақ өнеркәсібіндегі айналымның 128%-ға артуы себеп. Химиялық өнімдер саудасы 56 млн АҚШ долларынан асса, азық-түлік арқылы 5,6 млн табыс түскен. Бұл ретте өңір өнеркәсібі саласында өсім динамикасын сақтау маңызды. Сондықтан биыл жыл аяғына дейін аймақта өңдеу көлемінің өсімін 106 пайызға жеткізу жоспарланған.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04