Ақтөбеде пойыз басшысы пышақ жарақатынан көз жұмды
Пойыз басшысы пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалының жанында болды. Таңғы бестердің шамасында өз жұмысымен кетіп бара жатқан 47 жастағы теміржол қызметкерін белгісіз біреу тоқтатып, темекі сұраған. Сұраған нәрсесі болмаған соң 6 рет пышақ сілтеген. Одан кейін дым болмағандай бейнебақылау камерасына қарап, пышағын сүртіп, әрі қарай кеткен. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады. Оның пробациялық бақылауда жүрген 28 жастағы тұрғын екені анықталды. Бұл оқиғадан бұрын ереже бұзғаны үшін оны қайтадан колонияға жіберу туралы шешім шығарылған екен.
Нұрсұлтан Ыбыраев, «Жолаушылар тасымалы» ЖШС PR маманы:
Қайғылы оқиға болған күні пойыз бастығы демалыста еді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеуді құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр. Компания марқұмның отбасына қажетті материалдық көмек көрсетті.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01