Ақтөбеде Абай күнінде дүниеге келген сәбилерге ақын есімі берілді
Ақтөбеде Абай күнінде туған екі сәбиге ақын есімі берілді. Олардың бірі кеше таңғы 05:00-де, екіншісі арада екі сағат өткен соң дүниеге келген.
Олардың аналарын арнайы құттықтау үшін шаһар басшылығы перзентханаға барды. Абай Құнанбайұлына ұқсаған дана, өнерлі болсын деген ниетпен домбыраны сыйға тартты. Бұл күні Ақтөбеде барлығы 35 бала өмірге келді. Олардың 21-і ұл, 14-і қыз. Қызығы ақын есімі берілген сәбилердің бірінің әкесінің есімі – Абайбек. Ол Ырғыз ауданында тұрады.
Айзана Ораз, Ырғыз ауылының тұрғыны:
Осыдан 30 жыл бұрын, яғни, Абай атамыздың 150 жылдығында менің жолдасым Ырғыз ауданында дүниеге келген. Атын атамыздың құрметіне Абайбек деп қойған болатын. Енді 30 жылдан кейін Абайбектің өзінің үшінші ұлы дүниеге келіп, атын Абай деп қойдық, атамыздың құрметіне.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20