Шығыстағы Риддер қаласының көшелерінде аюлар жүр
Шығыстағы Риддер қаласының көшелерінде аюлар пайда болды. Үш майтабан әуелі Громотушинка шатқалындағы бір саяжайдың қоршауын сындырып, ауласына кірген. Кейін тағы бір үйдің маңына келгенде сырттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Арада бірнеше күн өткен соң екінші шағын ауданда байқалған. Қазір қаланың ортасы саналатын 3–4-шағын аудандарға да емін-еркін келе бастаған.
Аюлардан үрейленген кейбір тұрғындар үйден шығуға қорқып отыр. Полицейлер мен жануарлар дүниесін қорғау қызметінің өкілдері жағдайдан хабардар. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Бірақ сақ болуға шақырып, әсіресе түнде жаяу жүрмеуді ескертті.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20