ШҚО-да 7 жаңа мектеп ашылды
Шығыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 7 жаңа мектеп ашылды. Оның бірі Өскемен қаласындағы 600 балаға шақталған білім ордасы. Мұнда оқушыларға барлық жағдай жасалған. Мектеп информатика, робототехника, арнайы графика және модельдеу кабинеттерімен, STEM зертханасымен жабдықталған. Тағы бір білім ошағы Риддер қаласында ашылды. 600 орындық жаңа мектепте кең сыныптар, арнайы пәндік кабинеттер, кітапхана, асхана, акт және спорт залдары бар. Биыл өңірде 10 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Бүгінде мектебімізде алты 1-сынып, мектеп алды оқу үш сыныбы ашылып отыр. Бұл дегеніміз жақсы көрсеткіш. Өйткені балаларымыз көп болса, білімді болса, Қазақстанның болашағы жарқын деген сөз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20